Тегін Wifi

  • Русский
  • Қазақша
  • English
  • 中文

Қаланың көрікті жерлері

Көне Тараз:

2000 жыл бұрын осындай болған. Қазір көне қала жасыл базар жанында орналасқан. Қала әкімшілігі 2012 жылы базарды қала сыртына көшіріп, көне қаланы қазу жұмыстары жасалынды. 2014 жылы бұл жерде 5 жұлдызды қонақүйі, мейрамханасы, мұражайы мен сауда орталығы бар түристтік кешен салыну жоспарлануда.

Тектұрмас мавзолейі

Қарахан мавзолейі (Әулие-ата) Құрылыс XI ғасырда қарахан дәуірінде салынған. Бұрын қала Әулие-ата деп аталған. Кейін, 1997 жылы қала атауы Жамбылдан Таразға өзгертілді. Аңыз бойынша, Қарахан мавзолейінде Оңтүстік Қазақстан мен көрші аймақтарды өзіне бағындырған орта ғасырдың ең мықты әулеті- Қарахан әулетінің негізін қалаушысы
жерленген.

Ортағасырлық мешіт. Қазақстандағы ең көне мешіт. Х-XII ғасырға жататын мешіттің залы жөндеу жұмыстарынан кеін зиярат етушілерді қайтадан қарсы алуда.

Айша Бибі мавзолейі. Мавзолейдің құрылысы жайлы сенімді ақпарат көздері қалмаған.Бірақ қазақ халқында Айша бибінің махаббаты жайлы аңыз бар. Бұл аңыздың 28 нұсқасы бар.Кең таралған аңыз бойынша, Айша бибі XI ғасырдың әйгілі ғұламасы және ақыны – Хакім Сүлеймен Бақырғанидың қызы болған. Әкесінің өлімінен кейін Айқожа байдың қолында тәрбиеленді. Бірде Тараз қаласының билеушісі Қарахан Мұхаммед сұлудың қолын сұрап келеді. Алайда, қыздың қамқоршысы қызының тұрмыс құруына келісімін бермейді. Сонда, Айша бибі өз сүйіктісіне қосылу үшін, үйіндегңлерді алдап қашып кетеді. Өкінішке орай, қыздың сүйітісі оны ешқашан көрмейді, себебі Айша бибі Аса өзенінің бойында жыланның шаққанынан жан тапсырады.Сүйіктісінің өліміне қайғырған Қарахан сонда осы мавзолейді тұрғызған екен.

Бабаджа ханым Айша бибінің сол сапарда серігі болғандықтан, қалған өмірін Айша-бибі мавзолейінің шырақшысы болып өткізеді. Бабаджа ханым Айша-бибі кесенесінен 20 адым жерде жерленіп, Бабаджа Қатын мавзолейін салынған. ( оң жақта)

БабаджаХатун. (на каз. БабаджаҚатын)

Кесененің дуалдары. Тараз Қазақстанның басқа қалаларынан өрнектерімен, архитарусамен және тарихымен ерешеленеді. Өзбекістанға Самарқанд қандай болса, Қазақстанға да Тараз солай. Тараз – Шығысқа жақын.

Қали Жүніс шығыс моншасы, ХІХ ғ. соңы

Қарахан