Тегін Wifi

  • Русский
  • Қазақша
  • English
  • 中文

Біздің команда

Біз “Жамбыл” қонақүйінің табысқа жетуі негізі генералды директор Әбілпатта Маритенің басшылығындағы тәжірибелі кәсіби мамандардың ұйымшыл ұжымы деп сенеміз.

Марите Әбілпатта нағыз кәсіби маман ретінде ұзақ уақыт бойы білімін шыңдады. АҚШ, Германия, Ұлы-Британия, БАӘ, Чехия сияқыты елдерде қонақүй бизнесі жайлы алған білімдері Марите Абилпаттаевнаға қонақүй басшысының политикасын дұрыс жүргізуіне, әлемдік стандарттарға сай жайлылық пен қызмет көрсетуді қамтамасыз етуіне көмектеседі. Ол республикамызда ең алғашқылардың бірі болып  халықаралық ИСО 9001-2000 Сапа Менджмент Жүйесін енгізді, және оны әлі күнге дейін нақтылайды.

Марите Әбілпатта кадрларды сауатты таңдау мақсатында “Қонақүй өнеркәсібін басқару негіздірі” атты курстан және “Перформия” продуктивті қызметкерлерді жалдау туралы курстарынан өтті.

Біздің тобымыз жұмысты сапалы және берілген уақыттан кешіктірмей бітірудің маңызды екенін білетін сауатты қызметкерлерден құралған. Біз үшін біздің беделіміз өте маңызды, сондықтан да біз қонақтарымыздың көңілінен шығу үшін барлық күшімізжі саламыз және түрлі іс-шараларды жоғары дәрежеде ұйымдастырамыз. Бұның айғағы- біздің тұрақты серіктестерімізге айналған жиі келетін көңілдері толған қонақтарымыз.

Біздің миссия.  Қызмет көрсетуде халықаралық стандарттарды негізге ала отырып қонақтарымыздың көңілдерінен шығу және  қазақ қонақжайлылық дәстүрлеріне адал болу

Біздің негізгі құндылықтарымыз- бұл сыйластық, шыншылдық, тұрақтылық, жауапкершілік, қауіпсіздік және өз міндеттерімізді сүйсініп орындау.

Біздің ұранымыз– “Ұсынылып отырған  қызметтердің сапасы – кәсіпорын әл-ауқатының негізі.”

Біздің мақсатымыз –  сіздердің ыңғайлы жайғасуыңыз бен сапалы қызметті қамтамасыз ету арқылы сіздерді өз үйлеріңіздегідей сезіндіру.