Тегін Wifi

  • Русский
  • Қазақша
  • English
  • 中文

Біз туралы

Сирек болса да, аңыздың шығу тарихы мен дамуын бақылауға болады.  Тарихы өткен жүзжылдықтың жартысынан бастау алған “Жамбыл” қонақүйін аңызға теңеуге болады. Қонақүй 1961жылдың көктемінде алғаш рет қонақтарына есігін ашып,  қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың атымен аталды.

Аңыздың жаңа өмірі 90-шы жылдардың басында алғашында қонақүйдің өндірістік учаскесінің басшысы, кейін директоры қызметін алған Марите Әбілпаттаның келісімен басталды. Мекеменің 1991 жылы құрылған тату ұжымы қонақүйді қаладан кейін сатып алу жоспарымен жалға алуға шешім қабылдайды.

Бес жыл өтісімен қонақүй жекеменшікке өтіп, жауапкершілігі шектеулі серіктестікке айналды. Сондай-ақ, маңыздысы батысқа еліктеп шетелдік ат алмай, өз есімін сақтап қалды.

Қонақүй белесенді басшының басқаруымен 1992 жылдан бастап  қазірге дейін 5 толық қайта жөндеу жұмыстарынан өтті. Нәтижесінде, қонақүй жаңа қалыпқа енді: экологиялық таза матералдардан құрылған және жақсы дыбыстық оқшалаулану жуйесі бар тарихи ғимарат заманауи қонақүйге айналды.